сәби бала

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ақмаржан Ақтау қаласында 22 сәби дүние есігін ашты. Оның 12-сі облыстық перинаталдық орталықта және 10-ы Ақтау қалалық перзентханасында туды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында 12 бөбек дүниеге келді. 2018 жыл егіздің дүниеге келуімен жабылды. Ал 2019 жылы алғаш болып қыз бала дүниеге келді. Оның салмағы 2900 г, бойы 51 см», — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Ал 1 шағынаудандағы Ақтау қалалық перзентханасында жаңа жыл түні 10 сəби өмірге келді. Олардың 5-уі — қыз, 5-уі — ұл.

Босанған ана мен балалардың жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтау қаласында жаңадан ашылған Ана мен бала орталығында алғашқы нәресте 31 қазан күні дүниеге келген болатын.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Көрнекі сурет сайттың архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз