munaily Мұнайлы пәтер тұрғын үй қоныс той

Мұнайлы ауданында Тұңғыш Президент күнінде балабақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа қонысқа кірген 15 отбасыға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пәтер кілтін табыстады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы көлемі 13 888 шаршы метр құрайтын 4 қабатты 7 тұрғын үй тапсырылды. Бұл жаңа пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына және арнайы санаттағы адамдарға берілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл соңына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа берілмек.

Сондай-ақ Бозжыра ауылында 140 балаға арналған «Жанымай» балабақшасы ашылды. Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданында 58 балабақша (15 мемлекеттік, 43 жекеменшік) бар. Биыл 614 орындық 9 жекеменшік балабақша есігін айқара ашып, жыл соңына дейін 497 орындық 7 жекеменшік балабақша іске қосылмақ. Осылайша балалардың балабақшамен қамтылуы 97,3% жетеді.

Мұнайлыда 24 пәтерлі 7 тұрғын үй пайдалануға берілді

Бұдан соң Ералы Тоғжанов Мұнайлы ауданына сапары барысында «Мұхамбет» жеке меншік медициналық орталығымен танысты. Бұл орталықтың қазіргі таңда Басқұдық, Маңғыстау ауылдарында қосымша жер учаскелерді аукцион арқылы сатып алып, 11 мың халыққа тегін кепілдірілген көмек көрсетуде.

Алғашқылардың бірі болып «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша 1%-бен 30 млн. теңге несие алып, жылжымалы медициналық кешен машинасы, лор комбайн, узи экспорт класс, флюорографиялық аппарат сияқты медициналық құрылғылар сатып алған. Орталықта 27 дәрігер мен 35 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз