Мұхамеджанов

Маңғыстау облысының экс әкімі Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Б.Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болды. Ол бұл қызметке 2013 жылы наурызда тағайындалған еді.

2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың қаңтарына дейін Бауыржан Мұхаметжанов Маңғыстау облысын басқарды. Әкім бұл лауазымнан өз еркімен кеткен еді.

Айгүл ДӘДЕН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз