Бүгін Ақтауда Балаларды қорғау күніне орай  «Қайсар жандар» қайырымдылық кеші ұйымдастырылды. «Ренессанс» қонақүйінде өткен мерекелік дастарханға «Жанұя типтік балалар ауылы», Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы,  мүжәлсіз және көп балалы отбасылар, «Сәбилер үйі» және «Аналар үйі», барлығы 250-ден астам отбасыларға мен балалар қатысты.  Ұйымдастыруға мұрындық болған «Мы люди, мы вместе» қоғамдық қоры  болса, бұл шараға демеушілік еткен ұйымдар өте көп.

«Мы люди – мы вместе» қоғамдық қорының директоры Иманғазы Досмұхамбетов балаларға бейбіт өмірде бақытты өмір сүруді тіледі.

— Бүгінгі жиынға бір кісідей атсалысқан демеуші азаматтарға көп рахмет. Қуанышымыз ұзағынан болғай. Балалар аман болсын! Әлемде балалар жыламасын, — деді ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Қалаішілік жолдарымыз орта және күрделі жөндеуді қажет етеді»

Ұйымдастырушылардың бірі «Маңғыстау облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Жібек Ахметова:

— Өмірде ең керемет сәт – сәбидің үнін есту. Барлық ата-аналарды, балаларды осы атаулы күндегі мейраммен шын жүректен құттықтаймын. Балалардың жүзінен ешқашан күлкі кетпесін. Қуаныш пен бақыт қатар келсін, — деген тілек айтты.

Шара барысында балалар үйлеріне жаңа кілемдер, балаларға велосипед, 25 мұжәлсіз отбасыға азық-түлік ретінде материалдық көмек берілді. Балалардың қуанышында шек жоқ, кеште қызықты ойындар ойнатылып, шағын концерт көрсетілді.

— Бүгін 3 қызымды осы мерекелік дастарханға әкеліп отырмын. Қыздарым қатты қуанып отыр. Ұйымдастырушыларға рахмет, — дейді көпбалалы ана Нағима.

Айгүл ДӘДЕН
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН 

1 ПІІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз