Аудан орталығы «Тәуелсіздік» алаңында Балаларды қорғау күніне орай, «Балалар біздің болашағымыз» атты кең көлемді мерекелік концерт өтті.

Ашық алаң мерекеге сай безендіріліп, театрландырылыған көрініспен сахна шымылдығы ашылды. Осылайша балалардың қызығушылығын өздеріне аударып, ортада тауық пен мысық көңілді әндерін орындады. Осы сәтте «Айкөркем» бишілер тобы «Қазақ» биін орындап шықты.

Балалардың өнерін тамашалауға келген аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев бүлдіршіндерді балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, осы жылы жеткеншектерді балабақшамен қамту деңгейін 78 пайызға жеткізуге мақсат қойып отырғанын, Елбасы саясатын қолдаған жеке кәсіпкерлер де балабақша ашып, соның арқасында ауданда балабақшалар саны 22-ге жеткенін айтып, оларды өз елінің үлкен азаматтары болуға тілек білдірді.

Осы сәтте ортаға кішкентай бүлдіршіндер шығып «Буратино» биін билесе, «Қызғалдақ» би тобы «Аджинанның полькасы» туындысын орындап шықты. Ал, ертегілер елінен келген ертегі кейіпкерлері балалармен бірге би билеп, олармен түрлі ойындар ойнатылды. Шара соңы балабақша бүлдіршіндерінің әсем ән кешімен жалғасты.

Балалар біздің болашағымыз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз