Халықаралық «Бозторғай» фестивалі 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласында өтті. Онда қаламыздың «Радуга» балалар шығармашылық студиясында тәлім алатын Екатерина Ганюшкина мен Карина Шайгузова Гран-При жүлдесін жеңіп алды.

19-рет өткізіліп отырған фестивальде Ақтау қаласының намысын төрт өнерпаз қорғады. Катя мен Каринадан бөлек 10 жасар Бекарыс Асхат пен 9 жасар Әсия Мұсағалиева бар.

Әсия өз жас категориясында екінші орынды иеленді.

Қазылар алқасында еліміздің өнер майталмандары, мәдениет қайраткерлері болып, жас дарындардың шығармашылығына баға берді.

-Сайыстың алғашқы күні Карина мен Катя «Обернитесь» әнін орындады. Өте жақсы орындап, қазылардан бірыңғай «10» деген баға алды. Екінші күні «Мёрси» әнін шырқады. Бұл кезеңде де ондықтарды қоржынға салып, Гран-При қанжығалады, — дейді Каринаның анасы Румия.

Ақтаулық жас өнерпаздарды сайысқа студия мұғалімдері – Нұргүл Медербекова мен Ольга Хныкина дайындады.

Айта кетейік, «Бозторғай» фестиваліне әртүрлі елден келген 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатысады. Олар вокал, халық әндері, хореография, сән театры номинациялары бойынша бақ сынайды.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА 

Суреттер алынды 

Ақтаулық дуэт «Бозторғай» фестивалінде Гран-при иеленді

Ақтаулық дуэт «Бозторғай» фестивалінде Гран-при иелендіАқтаулық дуэт «Бозторғай» фестивалінде Гран-при иеленді

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз